2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі талдамалық ақпарат

2026 жылдың 1 тамыздағы жағдайы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ОТҚ және қызметтермен қамтамасыз ету бойынша 368 мың іс-шара немесе қажетті (496 мың) санының 74,4%-ы іске асырылды.

Оның ішінде: арнайы жүріп-тұру құралдарымен (кресло-арбалармен) 84% (13,3 мың қажет етушілерден 11,2 мың қамтамасыз етілген), протездік-ортопедиялық көмекпен 61,3% (69,3 мың қажет етушілерден 42,4 мың қамтамасыз етілген), сурдотехникалық құралдармен 77,6% (10,4 мың қажет етушілерден 8,1 мың қамтамасыз етілген), тифло-техникалық құралдармен 76,7% (21,4 мың қажет етушілерден 16,4 мың қамтамасыз етілген), санаторий-курорттық емдеумен 52,1% (147,8 мың қажет етушілерден 76,8 мың қамтамасыз етілген), жеке көмекші қызметімен 97,7% (26,6 мың қажет етушілерден 25,9 қамтамасыз етілген) ымдау тілі қызметімен 94,5% (8,8 мың қажет етушілерден 8,3 мың қамтамасыз етілген),  міндетті гигиеналық құралдармен 90,5% (179,3 қажет етушілерден 198,3 мың қамтамасыз етілген).

 

Касательно обеспечения лиц с инвалидностью техническими вспомогательными (компенсаторными) средствами и услугами
Дата публикации
28 августа 2026