2026 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша талдамалық ақпарат

 

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

1.1. Зейнетақымен қамсыздандыру

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді жыл сайынғы индекстеу шеңберінде ынтымақты зейнетақы мөлшері 10%-ға индекстелді. Сондай-ақ, ең төмен күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мөлшері 10% -ға ұлғайтылды.

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ең жоғары мөлшері оның ең төменгі күнкөріс деңгейінің 110 %-дан 118 %-ға дейін өсті. Тиісінше, ағымдағы жылы жиынтық зейнетақының ең төмен мөлшері (ынтымақты және базалық) – 104 645 теңгені, ал ең жоғары мөлшері – 238 412 теңгені құрады.

Өсім нәтижесінде 2026 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері  197 446 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері –
103 389
теңге, базалық зейнетақы – 54 034 теңге, жинақтаушы зейнетақы –
40 043 теңге (01.08.2026 ж.).

Бұл ретте Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық жалақыға табысты зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициенті (2025 жылғы ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша) – 44,5%-ды, ал өткен жылғы міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған орташа айлық табысқа (ЕРДО деректері бойынша) – 45,4%-ды құрады.

2026 жылғы 1 тамыз жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 589 286 адамды құрады.

2026 жылы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 4 857,5 млрд теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы төлеуге – 3 244,2 млрд теңге, базалық зейнетақы төлеуге –                               1 613,3 млрд  теңге жоспарланды.

1.2. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі

Жұмыс істейтін әйелдер үшін олар 1,5 жасқа дейінгі баланың күтімі бойынша демалыста болған кезеңде МЗЖ субсидиялау шеңберінде 2026 жылғы 1 тамыз жағдай бойынша 1,5 жасқа дейінгі бала күтімін жүзеге асыратын 172,8 мың адамның пайдасына субсидиялардың жалпы көлемі 15,6 млрд теңгені құрады. 2026 жылы 212,9 мың алушы үшін МЗЖ субсидиялауға бюджет шеңберінде – 43,8 млрд теңге көзделген.

 

Дата публикации
26 августа 2026