2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың негізгі бағыттары туралы ақпарат

I.Алғашқы мүгедектік деңгейі.

«Мүгедектікті және/немесе еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын анықтау» мемлекеттік қызметі бойынша 2026 жылдың 7 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны — 105 671 құрады, бұл 2025 жылдың 7 айымен салыстырғанда 4,8%-ға төмендегенін көрсетеді (бұдан әрі жақшада 2025 жылдың 7 айы бойынша деректер көрсетілген - 111 022).

Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап көрсетілген мемлекеттік қызметтер санының 6,1%-ға тұрақты өсіп келе жатқаны байқалады:

- 2021 жылы көрсетілді – 250 921 адамға,

- 2022 жылы көрсетілді – 251 543 адамға,

- 2023 жылы көрсетілді – 251 783 адамға,

- 2024 жылы көрсетілді – 258 989 адамға,

- 2025 жылы көрсетілді – 266 342 адамға.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың негізгі бағыттары туралы ақпарат

I.Алғашқы мүгедектік деңгейі.

«Мүгедектікті және/немесе еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын анықтау» мемлекеттік қызметі бойынша 2026 жылдың 7 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны — 105 671 құрады, бұл 2025 жылдың 7 айымен салыстырғанда 4,8%-ға төмендегенін көрсетеді (бұдан әрі жақшада 2025 жылдың 7 айы бойынша деректер көрсетілген - 111 022).

Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап көрсетілген мемлекеттік қызметтер санының 6,1%-ға тұрақты өсіп келе жатқаны байқалады:

- 2021 жылы көрсетілді – 250 921 адамға,

- 2022 жылы көрсетілді – 251 543 адамға,

- 2023 жылы көрсетілді – 251 783 адамға,

- 2024 жылы көрсетілді – 258 989 адамға,

- 2025 жылы көрсетілді – 266 342 адамға.

Алғаш рет мүгедектігі бар адам деп танылғандар саны:

2021 жыл – 50,8 мың адам;

2022 жыл – 54 мың адам;

2023 жыл – 56,1 мың адам;

2024 жыл – 57,7 мың адам.

2025 жыл – 58,3 мың адам.

2026 жылдың 7 айында – 23 214 адам (24 219 адам), оның ішінде ересектер арасында – 16,5 мың адам, 18 жасқа дейінгі балалар арасында – 6,7 мың (6,6 мың) адам. Бұл ретте 4,1%-ға төмендеу байқалады.

Есепті кезеңде төмендеу байқалғанымен, талдау көрсеткендей, 2021 жылмен салыстырғанда балалар арасындағы бастапқы мүгедектік деңгейі 1,2%-ға өскен.

Балалар арасындағы бұл өсім негізінен 2021 жылдан бастап психикалық аурулар салдарынан мүгедек болған балалар санының екі есе өскеніне байланысты (2021 ж. – 2,2 мың, 2022 ж. – 2,8 мың, 2023 ж. – 3,6 мың, 2024 ж. – 4,4 мың, 2025 ж. – 5,5 мың бала).

Есепті кезеңде республика бойынша 10 мың халыққа шаққандағы қарқынды көрсеткіш 11,3 (11,9) құрады, яғни 0,6 тармаққа төмендеді.

Анықтама үшін: алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткіші әр 10 мың халыққа шаққандағы алғашқы мүгедектіктің белгіленуінің жиілігін сипаттайды, өткен жылдың сол кезеңіндегі деректермен салыстыра отырып, деңгейді талдауға мүмкіндік береді.

Ересек халық арасында аурулар түрлері бойынша алғашқы мүгедектіктің құрылымы

Аурулардың атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

2025 ж. 7 айы

2026 ж. 7 айы

1-орын

Қатерлі ісіктер – 26,2%

Қатерлі ісіктер – 27,1%

Қатерлі ісіктер – 28,0%

Қатерлі ісіктер – 27,9%

Қатерлі ісіктер – 29,5%

2-орын

Қан айналым жүйесі аурулары – 26,4%

Қан айналым жүйесі аурулары – 26,5%

Қан айналым жүйесі аурулары – 26,0%

Қан айналым жүйесі аурулары – 26,0%

Қан айналым жүйесі аурулары – 25,0%

3-орын

Барлық орналасудағы жарақаттар – 8,4%

Барлық орналасудағы жарақаттар – 8,3%

Барлық орналасудағы жарақаттар – 7,4%

Барлық орналасудағы жарақаттар – 7,8%

Барлық орналасудағы жарақаттар – 7,4%

 

Талданып отырған кезеңде ересек халық арасындағы алғашқы мүгедектік деңгейінің төмендеуіне қарамастан, оның құрылымында қатерлі ісіктер бойынша тұрақты өсу және оның одан әрі жалғасу үрдісі байқалады, ал қан айналым жүйесі аурулары мен барлық орналасудағы жарақаттар бойынша төмендеу байқалады.

Ересек халық арасындағы алғашқы мүгедектіктің себептерін аурудың нозологиялық түрлері бойынша талдау көрсеткендей, мүгедектікке әкелетін негізгі аурулар қатерлі ісіктер болып табылады – 29,5% (27,9%).

18 жасқа дейінгі балалар арасындағы бастапқы мүгедектіктің құрылымы.

Аурулардың атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

2025 ж. 7 айы

2026 ж. 7 айы

1-орын

Туа біткен аномалиялар – 25,8%

Психикалық бұзылыстар – 28,0%

Психикалық бұзылыстар – 28,0%

Психикалық бұзылыстар – 32,4%

Психикалық бұзылыстар – 41,8%

2-орын

Психикалық бұзылыстар – 23,8%

Туа біткен аномалиялар – 22,8%

Туа біткен аномалиялар – 22,8%

Туа біткен аномалиялар – 22,4%

Туа біткен аномалиялар – 18,3%

3-орын

Жүйке жүйесі аурулары – 22,0%

Жүйке жүйесі аурулары – 21,3%

Жүйке жүйесі аурулары – 21,3%

Жүйке жүйесі аурулары – 17,6%

Жүйке жүйесі аурулары – 14,2%

 

18 жасқа дейінгі балалар арасындағы алғашқы мүгедектіктің құрылымында:

бірінші орында – психикалық бұзылыстар салдарынан болған мүгедектік 41,8% (32,4%),

2025 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда психикалық бұзылыстар салдарынан болатын мүгедектіктің 30,3%-ға күрт өскені байқалады (2161 балаға қарсы 2816 бала) және бұл көрсеткіш бірнеше жыл бойы тұрақты өсу үрдісіне ие.

Балалар арасында ең кең тараған нозологиялар психикалық бұзылыстар мен мінез-құлық бұзылыстары, туа біткен даму ақаулары және жүйке жүйесі аурулары болып табылады. Осы жетекші нозологиялар бастапқы мүгедектігі бар балалардың жалпы санының шамамен 75,5%-ын құрайды, атап айтқанда, бастапқы мүгедектігі бар балалардың жалпы саны 6738-ден 5006 бала.

Бұл деректер балалар мүгедектігінің өсуінің негізінде жатқан проблеманың жүйелі сипатта екенін көрсетеді.

Сонымен қатар, психикалық аурулар салдарынан болған алғашқы мүгедектіктің өсуін талдау көрсеткендей, аурудың нозологиялық түрлері арасында аутизм басым, ол өз кезегінде өсу үрдісіне ие.

Есепті кезеңде барлығы 81,5 мың адам қайта куәландырылды, олардың ішінен 66,3 мың адам мүгедектігі бар тұлға деп танылды.

Қайта куәландыру нәтижелері

Жыл

Қайта куәландырылғандар

Оның ішінде танылғандар

Толық (абс.)

Толық (%)

Ішінара (абс.)

Ішінара (%)

Ауырлау (абс.)

Ауырлау (%)

2022

169931

158574

11202

6,6

11143

14,8

8109

5,5

2023

170117

159430

10687

6,3

10276

14,1

8844

5,9

2024

176025

163545

12480

7,1

11471

15,3

9310

5,9

2025

205838

168430

12181

6,7

10851

13,8

9538

6,0

2025 ж.

7 айы

85822

70202

5301

7,0

4576

14,2

3942

5,9

2026 ж.

7 айы

81538

66289

4915

6,9 ↓

4354

13,8 ↓

3622

5,8 ↑

 

Есепті кезеңде барлық халық арасында реабилитация көрсеткіштерінің теріс серпіні байқалады.

Толық және ішінара реабилитацияның негізгі үлесі сырттай-проактивті түрде өтетін қатерлі ісіктер мен туберкулезге, сондай-ақ көзбе-көз өтетін тірек-қимыл аппараты аурулары мен барлық орналасудағы жарақаттарға тиесілі.

  1. Сырттай проактивті куәландыру бойынша

01.01.2023 ж. жағдай бойынша сырттай куәландыруға 55,7 мың өтінім қаралды (22,6%);

01.01.2024 ж. жағдай бойынша сырттай куәландыруға 76,4 мың өтінім қаралды (30,4%);

01.01.2025 ж. жағдай бойынша сырттай куәландыруға 96,9 мың өтінім қаралды (37,4%);

01.01.2026 ж. жағдай бойынша сырттай куәландыруға 113,1 мың өтінім қаралды (42,5%);

01.08.2026 ж. жағдай бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан сырттай куәландыруға 71,8 мың өтінім қаралды, бұл (46,8%) құрайды.

Ағымдағы жылы МСЭ бағыты бойынша Комитет алдына МСЭ жүргізу бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан проактивті форматтағы сырттай куәландыру үлесін 45% деңгейінде қамтамасыз ету міндеті қойылды (2026 жылға арналған «Аманат» жол картасының жоспарына сәйкес).

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары институтын енгізу

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 156-бабын іске асыру шеңберінде 2025 жылдың қаңтарынан бастап медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары институты енгізілді.

Тәуелсіз сарапшыларды медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай проактивті форматта жүргізуге тарту денсаулық сақтау ұйымдарының бейінді мамандарының кәсіби тәжірибесі мен білімін пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ мүгедектікті белгілеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сапасының артуын қамтамасыз етеді.

01.08.2026 ж. жағдай бойынша тәуелсіз сарапшылар тізіліміне 79 тәуелсіз сарапшы енгізілген, олар 60 078 медициналық-әлеуметтік сараптама актісін қарады.

Дата публикации
25 августа 2026