
1987 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. Қаржы полициясы академиясын тәмамдаған.
2007–2015 жж. – Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет атқарған, Астана қаласы.
2015–2016 жж. – «Vasil Sport» ЖШС заңгері, Астана қаласы.
2016–2019 жж. – «Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ Әлеуметтік мекемелер мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ұйымдарының қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы.
2019–2025 жж. – «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ басшысының орынбасары, басшысы.
2025 жылғы 29 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.