
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту.
Осыған байланысты ҚР ҒЖБМ Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Тілешов А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының профессор-оқытушылары қауымы және студенттермен кездесу өткізіп, «Алаш қозғалысы: басталуы, тұтастығы және қатысқандар» тақырыбында дәріс оқыды.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді