
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша «Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл- Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ әзірлеу жұмыстарын ұйымдастырып, баспадан шығарып, республика бойынша таратты.
Бұл оқу құралы қазақ тілін базалық деңгейде үйренуге арналған. Құралда туыстас тілдерді үйрету әдістемесі басшылыққа алынып, күнделікті жиі қолданылатын лексикалық тақырыптар және сөйлеудің төрт дағдысын тез әрі тиімді меңгертетін тапсырмалар берілген. Оқу құралы қазақ және түрік тілдерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ескеріп әзірленген. Түрік тілді тіл үйренушінің қатысымдық құзіреттілігін қалыптастыруды көздейді.
Құрастырушылар: 1. Памуккале Университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Н. Бирай, 2. Анкара Қажы Байрам Вели Университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Г. Ерджиласун (Құрманғалиева), 3. Гуманитарлық ғылымдар магистрі С. Ұзақбайқызы, 4. «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО» КЕАҚ, филология магистрі Л. Есбосын, 5. «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО» КЕАҚ, филология ғылымдарының кандидаты Ж.М. Искакова
Бұл оқу сөздігі өз бетінше қазақ тілін үйренушілердің күнделікті өмірде жиі қолданылатын қарапайым деңгейдегі лексикалық минимумына негізделген. Сөздік тіл үйренушінің қатысымдық құзыретін қалыптастыруды көздейді. Оқу сөздігі оқытушыларға, әдіскерлерге және тіл үйренушілерге арналған.
Құрастырушылар: Ж.А. Тұрлыбекова, А.С. Ошанова
«Сөз және сөйлеу мәдениеті» атты С1 жоғары деңгейге арналған оқу құралы өңір халқының тілді білу деңгейіне сәйкес әзірленді. Сабақ барысында қазақ халқының тілек айту, бата беру дәстүрі мен көңіл қосын білдіру, аманатқа берік болу, іскерлік қарым-қатынас орнату сияқты мәселелер бойынша нақты мысалдар мен тапсырмалар қамтылған. Сондай-ақ, тыңдаушының тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, сөйлесім дағдыларын дұрыс қалыптастыру мақсатында ұлттық сөз оралымдары (шешендік сөздер, аңыз әңгімелер) берілген. Курс барысында тыңдаушы шұрайлы һәм таза сөйлеуді, кесімді пікір айтуды, дәлелді тұжырым ұсынуды үйрене отырып, қазақ тіліне деген құрметі артады.
Құрастырушылар: Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының мамандары Жаныгүл Ерекешова, Қайбрахман Шолпан, Алтынай Орынбаева
Оқу құралы оқытушыларға, әртүрлі этнос өкілдерінің топ тыңдаушыларына және башқұрт, кәріс, армян тілдерін өздігінен үйренушілерге арналған. Оқу құралдың мақсаты әртүрлі этнос өкілдеріне ана тілді меңгеруіне, ауызекі тілден бастап, башқұрт, кәріс, армян тілдерін қарым-қатынас деңгейінде үйренуіне және қызмет барысында өз бетімен еркін қолдана алуына мүмкіндік туғызады. Оқу материалдары сөйлеу әрекетінің барлық түрін қамтиды. Әртүрлі этнос өкілдеріне арналған оқу құралының мазмұны қызметте, күнделікті тұрмыста, қоғамдық орындарда жиі кездесетін сөйлеу жағдаяттары мен тақырыптардан тұрады. Оқулықта коммуникативтік, лексикалық, грамматикалық минимумдарға, сұхбат үлгілеріне, мақал-мәтелдерге, ойындарға ерекше мән берілді. Әртүрлі этнос өкілдеріне бұл оқу құралын жасауда басты назарға қатысымдық бағдар алынды.
Құрастырушылар: 1.Қостанай облысы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының башқұрт тілінің оқытушысы Дик Фирдаус Бахтияровна, 2. Кәріс тілінің оқытушысы Ким Радмила Анатольевна, 3. Армян тілінің оқытушысы Чичоян Гаяне Володяевна
Ұсынылып отырған әдістемелік құралда тілдерді оқыту барысында пайдалануға арналған онлайн платформаларды қолданудың тиімділігі қарастырылған.
Әдістемелік құралдың өзектілігі бүгінгі таңда онлайн-платформаларды қарқынды пайдалану, қажетті ақпаратты іздей алу, сандық технологияларды пайдаланып, тілдік дағдыларды қалыптастыру және дамыту сияқты мәселелермен айқындалады.
Әдістемелік құралда білім беру саласында ең танымал жаһандық білім берудің шетелдік онлайн-платформалары Jeda.ai, Copilot, Wooclap, Symbaloo, ChatGPT, Fobizz tools т.б құралдары, онлайн тақталар туралы баяндалған.
Сонымен бірге тілдерді оқыту орталықтары тыңдаушыларының тіл үйренуге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыратын әртүрлі онлайн-платформаларды тиімді қолдануға арналған жаттығулар, қосымша сайттар да қарастырылған.
Әдістемелік құралды әдіскерлер, оқытушылар, тіл үйренушілер көмекші құрал ретінде қолдана алады.
Құрастырушылар: Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының мамандары Олжас Қойчибеков, Мөлдір Қуандық
Банк саласы, медицина, қоғамдық орындар және сауда саласы бойынша тілдесуге арналған қалта сөздіктері әрбір сала бойынша ең қажетті сөздерді қамтиды. Сөздіктер шағын әрі қолдануға ыңғайлы форматта шығарылған. Қалта сөздіктер қарым-қатынас жасау үшін жеке сөздермен қатар жеке сөз оралымдары да берілген. Қалта сөздіктерінде көрсетілген терминдерді Республикалық терминология комиссиясы бекіткен.
Құрастырушылар: А.А. Игенова, М.Ш. Ағымбаева, А.З.Амантаева