Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанулық және талдамалық зерттеудің ерекшеліктері туралы

Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанулық және талдамалық зерттеудің ерекшеліктері туралы

Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанулық және талдамалық зерттеудің ерекшеліктері туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті  ағымдағы жылғы 14 маусымда 2024 жылы жүргізілетін Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанулық және талдамалық зерттеудің ерекшеліктері туралы  семинар-кеңес өткізді. 

Семинар-кеңес жұмысына Тіл саясаты комитетінің, өнім беруші, зерттеу жүргізуге жауапты мекеме – «ML Croup» ЖШС өкілдері, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік тілді дамыту мәселесіне жауапты бөлім басшылары мен мамандары қатысып, пікір алмасты.    

Семинар-кеңес барысында «ML Croup» ЖШС-тің әлеуметтанушылары Анар  Сатыбаева Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанулық және талдамалық зерттеудің ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне, Ләйла Нұрғазықызы Қасымова әлеуметтанулық және талдамалық  зерттеудің әдістері туралы баяндады.

Бұдан басқа, «ML Croup» ЖШС өкілдері биылғы жылы зерттеу  сауалнамасынан алынып тасталған сұрақтар мен жаңадан қосылған сұрақтардың маңыздылығына, сондай-ақ респонденттер саны мен оларды іріктеу, индексті есептеу әдістемесі және т.б. мәселелерге тоқталып, кеңінен түсінік берді.    

Жұмыс тобының басшысы Дамир Нұртазаұлы Ысқақ зерттеу барысында алаңдық жұмыстарды жүргізу кезіндегі кедергілер мен қиыншылықтар туралы хабардар етті және қатысушылар тарапынан жолданған сұрақтарға толық жауап берді.