
Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті
🔹 Комиссия отырысында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі даму сұрақтары, тіл мәдениетін арттыру және тілдік капиталды нығайтуға бағытталған үйлесімді әрі теңгерімді тіл саясатын жүргізу мәселелері қарастырылды.
📌 Комиссия қорытындысында 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, ҚР Премьер-Министрдің орынбасары, Комиссия төрағасы Тамара Дүйсенова мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.