Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол  қойды (2024 ж. 6 сәуір №71-VIII).

Қабылданған заң шеңберінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық және жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтау саласында тексерулер жүргізу тәртібі бекітілді және ретке келтірілді.

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңына тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың құзыреттеріне қатысты 4 түзету енгізілді. Оның ішінде, жаңа                 25-6-бап: «Тілдерді дамыту саласында мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі» енгізілді. Аталған  бап тексеру жүргізу тәртібін, мемлекеттік бақылау субъектілерінің тізбесін, тексеру жүргізу үшін негіздемені, тексерілетін субъектінің және тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын айқындайтын нормаларын регламенттейді.

Мемлекеттік бақылау Орталық мемлекеттік органдардың, олардың аумақтық бөлімшелері мен ведомстволарының, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының және қаладағы, ауылдағы, кенттегі, ауылдық округтегі аудан әкімінің аппараттарының Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтауына бағытталғанын атап өткен жөн.

Заңның мәтіні «Egemen Qazaqstan» газетінің ресми басылымында жарияланған (08.04.2024 ж.)

Толығырақ сілтемені қараңыз https://egemen.kz.