Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттары бойынша семинар

2024 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Е. Тілешовтің төрағалығымен Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен республикалық семинар өткізілді.

Семинарды аша отырып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және оның қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылуына бағытталған іс-шаралардың тиімді іске асырылуына жергілікті атқарушы органдар жауапты екенін атап өтті.

Семинарда тіл үйрету әдістемесін жетілдіру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту мәселелері талқыланды.

Жиын қатысушыларының ұсыныстары мен талқылаудың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға ҚР тіл саясатын дамыту тұжырымдамасының Іс-қимыл жоспары тармақтарының орындалуын  қамтамасыз ету бойынша ағымдағы міндеттер белгіленіп, нақты ұсыныстар берілді.