ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТІЛ САЯСАТЫН ДАМЫТУДЫҢ 2023 – 2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ БАҒЫТТАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТІЛ САЯСАТЫН ДАМЫТУДЫҢ 2023 – 2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ БАҒЫТТАРЫ

   

      2024 жылғы 14 ақпанда Астана қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы аясында «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырудың тиімді бағыттары» тақырыбында секция отырысы өтті.


Аталған секция жұмысына облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің тілдерді дамыту саласына жауапты басқармаларының басшылары, ғалымдар, жекелеген орталық мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Аталған жиынды кіріспе сөзбен ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Д.Ж.Ахмед-Заки ашты.
Секция отырысында Тіл саясатын дамыту тұжырымдамасын іске асыруға қатысты мәселелер талқыланды, сондай-ақ, алдағы кезеңнің міндеттері белгіленді.


Іс-шарада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Е.Тілешов, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Құрманбайұлы, ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік тіл саясаты басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Д.Қ.Дүйсебай, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры М.Қ.Жұмабай, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қауымдастырылған профессоры Н.Т.Төленбергенова, Алматы облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Д.Д.Ахметов және Қызылорда облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Ә.Есмаханов сөйледі.


Секция отырысының қорытындысы бойынша Тұжырымдамада көзделген барлық іс-шараларды толықтай әрі сапалы іске асыру, мемлекеттік тілдің ғылымда, цифрлық кеңістікте, этносаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі рөлін күшейту бағытындағы жұмыстар қарқынды, нәтижеге бағдарлану қажеттілігі түйінделді.