ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТІЛ САЯСАТЫН ДАМЫТУДЫҢ 2023-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТІЛ САЯСАТЫН ДАМЫТУДЫҢ 2023-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалуы талқыланды

 

2024 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Д.Ж. Ахмед-Закидің төрағалығымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының ағымдағы орындалу барысы туралы отырыс өткізілді.

Отырыста Тұжырымдама шеңберінде тілдік ахуалдың әлеуетін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай стратегиясын іске асыру арқылы белгіленген бағыттар мен міндеттерді одан әрі үйлестіру мәселелері қаралды.

Тіл саясаты комитеті, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті мен Ғылым комитетіне Іс-қимыл жоспарының жүктелген тармақтарының орындалуы туралы есептері тыңдалды.

Жиын қорытындысы бойынша тіл үйрету әдістемесін жетілдіру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту бағыттары жөніндегі берлескен жұмыстың алда тұрған басымдықтары белгіленіп, тиісті тапсырмалар берілді.