Республикалық терминология комиссиясының кезекті отырысы өтті

Республикалық терминология комиссиясының кезекті отырысы өтті

Республикалық терминология комиссиясының кезекті отырысы өтті

 

2023 жылғы 13 қазанда Республикалық терминология комиссиясының 3-ші отырысы өтті.

Отырысқа Комиссия мүщелерімен қатар тәуелсіз сарапшы ретінде Ұлттық экономика министрлігі, Энергетика министрлігі, Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының қызметкерлері,  Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Алматы технология университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Математика және математикалық модельдеу институты, М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты,  География және су қауіпсіздігі институтының ғалымдары қатысты.

Отырыс күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі қызметінде қолданылатын жекелеген терминдер, Ұлттық экономика министрлігі Комиссияға қарауға ұсыныған қоғамдық тамақтану саласының терминдері, сондай-ақ мектеп терминологиясы, соның ішінде жаратылыстану, математика, алгебра және геометрия пәндерінің пәндерінің терминдері қаралды.

Отырыс барысында 700-ден аса термин бекітілді.

Комиссия бекіткен терминдер termincom.kz сайтына орналастырылады.