"Қазақстан жастары: мемлекеттік тіл саясаты және қоғам"

"Қазақстан жастары: мемлекеттік тіл саясаты және қоғам"

«Қазақстан жастары: мемлекеттік тіл саясаты және қоғам» тақырыбында  семинар-кеңесі

 

 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Павлодар облысы әкімдігімен бірлесіп 2023 жылғы 6 қазанда Павлодар қаласында «Қазақстан жастары: мемлекеттік тіл саясаты және қоғам» тақырыбында өңірлік семинар-кеңес өткізді

Семинар-кеңеске ҚР Ғылым және жоғары білім, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің өкілдері, жоғары оқу орындарының проректорлары, жас ғалымдар, студенттік жастар ұйымдарының көшбасшылары, мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдері, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі филиалдарының төрағалары, полиция департаменті, ішкі саясат, қоғамдық даму, білім, мәдениет басқармаларының басшылары, этнос өкілдері, тіл жанашырлары қатысты.

Ойталқы форматында өтетін семинар-кеңесте «Мазмұндама» қоғамдық қорының төрағасы, Гарвард университетінің түлегі Шыңғыс Мұқан, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, философия докторы (PhD) Нағима Ақтаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің басқарма басшысы Лаззат Қаби, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Жапонияның Цукуба университетінің координаторы, мемлекеттік тілді жетік меңгерген жапон елінің азаматы Такаши Ниномиян, тіл жанашыры, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гросс Инга, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Айгүл Қуаныш мемлекеттік тілді ғылым тіліне айналдыру, тілді цифрландыру, бизнестегі қазақ тілі, тіл саясатындағы жастардың рөлі мен отбасындағы орны, қазақ тілін трендке айналдыру жолдары, әлеуметтік желі және қазақ тілі тақырыбында ұшқыр ой, құнды пікірлерімен бөліссе, мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілдері тілді қалай оқып-үйренгендері туралы ойларын ортаға салды.

Семинар-кеңес соңында Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов пен Павлодар облысы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан қатысушылар тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Семинар-совещание на тему: «Қазақстан жастары: мемлекеттік тіл саясаты және қоғам»

 

Министерством науки и высшего образования Республики Казахстан совместно с акиматом Павлодарской области 6 октября 2023 года в городе Павлодар проведено региональное семинар-совещание на тему «Қазақстан жастары: мемлекеттік тіл саясаты және қоғам».

На семинар-совещании приняли участие представители министерств науки и высшего образования, культуры и информации РК, проректоры вузов, молодые ученые, лидеры студенческих молодежных организаций, представители этносов, владеющие государственным языком, председатели филиалов Общественного объединения «Международное общество «Қазақ тілі», руководители департаментов полиции, управлений внутренней политики, общественного развития, образования, культуры,общественных деятели.

На семинар-совещании проведенным в формате дискуссий спикерами выступят председатель Общественного фонда «Мазмұндама», выпускник Гарвардского университета Шыңғыс Мұқан, генеральный директор некоммерческого акционерного общества «Национальный научно-практический центр «Тіл-Қазына» имени Ш. Шаяхметова Мақпал Жұмабай, ассоциированный профессор, доктор философии (PhD) Павлодарского педагогического университета                                      им. Маргулана Нагима Актаева, руководитель управления Комитета по делам молодежи и семьи Министерства культуры и информации РК Лаззат Каби, профессор Казахского национального университета им. Аль-Фараби, координатор Университета Цукуба в Японии, гражданин Японии Такаши Ниномиян, в совершенстве владеющий государственным языком, учитель казахского языка и литературы Гросс Инга, руководитель отдела Управления культуры, развития языков и архивного дела Атырауской области Айгул Куаныш обсудили  мнениям и предложениям на темы преобразования государственного языка в язык науки, цифровизации языка, роли казахского языка в бизнесе, в социальных сетях, роли и места молодежи в языковой политике, представители других этносов поделились своим опытом свободного владения государственным языком

В завершении семинара-совещания председатель Комитета языковой политики Тлешов Е. Е. и  руководителя Управления культуры акимата Павлодарской области Тауаскан М.А. ответили на поступившие вопросы от участников семинара.