
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ықпалымен Қазақстандағы ең танымал іздеу жүйелерінің бірі 2GIS қазақ тілінде сөйледі.
Осыған дейін 2GIS компаниясының өкілдерімен бағдарламаның интерфейсіне қазақ тілін қосу және жол бағытын қазақ тілінде дыбыстау функциясын енгізу бойынша келіссөздер жүргізілген болатын. Нәтижесінде сәуір айында 2GIS қазақ тілді интерфейсін іске қосып, карталар мен ұйымдар туралы деректерді мемлекеттік тілде ұсына бастады.
Естеріңізге сала кетейік, Тіл саясаты комитетінің ықпалымен осыған дейін Kaspi.kz, Krisha.kz, Kolesa.kz және inDrive сияқты мобильді қосымшылардың да интерфейсіне мемлекеттік тіл енгізілді.