«ХАБАР» АРНАСЫНДА ЛАТЫНҒА КӨШУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«ХАБАР» АРНАСЫНДА ЛАТЫНҒА КӨШУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Ғылым мен технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің биылғы 12 сәуірде өткен алғашқы отырысында әліпбиді латын графикасына көшіру жұмысының маңызды аспектісі ретінде қазақ тіліне реформа жасау, бұл орайда басқа елдердің озық тәжірибесін мұқият зертттеу қажеттілігін ескертті.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі танымал лингвист-ғалымдарды тарта отырып, латын графикасына негізделген, жетілдірілген қазақ әліпбиінің және емле ережелерінің жобаларын қайта пысықтауда.

«Хабар» телеарнасының «Оян!» таңғы хабарында Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тлешов осы мәселе төңірегінде көпшілікті толғандырып жүрген сауалдарға жауап берді.

Хабарға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=-OZY5AYbOjY&t=220s