ТЕРМИНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ӨТЕДІ

ТЕРМИНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ӨТЕДІ

14 сәуірде сағ. 10.00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Қазақ тіліндегі техникалық терминдерді жетілдірудің лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлары» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстел мақсаты – қазақ тілінің терминқорындағы техникалық терминдердің базасын толықтыру, жетілдіру жолдарын қарастыру; сала мамандарын (техника мамандарының арасынан терминолог мамандар) дайындау.

Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты,  Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері, Мемлекеттік терминология комиссиясының мүшелері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, техникалық салалардың мамандары мен тіл мамандары, жас ғалымдар қатысады.

Дөңгелек үстел материалдары «Termincom.kz» сайтында орналастырылады.

Байланыс үшін: +7 707 321 0016, +7 708 676 3776.

Zoom: 859 5853 2684. Код: 947597.