ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТІЛ САЯСАТЫН ДАМЫТУДЫҢ 2023-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТІЛ САЯСАТЫН ДАМЫТУДЫҢ 2023-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім вице-министрі Т.Ешенқұловтың төрағалығымен тілші ғалымдар мен заңгерлердің қатысуымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама жобасы талқыланды. Талқылау жиынына Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Назарбаев Университеті, М. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ғалымдары қатысты.

Жиын барысында Тұжырымдама жобасының негізгі идеясына, құрылымы және бағыттарына шолу жасалды. Тұжырымдама жобасында тілге қатысты барлық мәселелер қамтылып, халықаралық тәжірибелер зерделенді, алғышарттар белгіленіп, жаңа жобалар, атап айтқанда тілді цифрландыру, тілді меңгерудің тың әдістері қарастырылғаны баяндалды. Сонымен қатар алдағы уақытта  тұжырымдама жобасы мемлекеттік органдармен, қоғаммен талқыланатын болады. Жоба ашық нормативтік құқықтық актілер порталында халықтың талқылауына ұсынылады.

Кездесу соңында ғалымдар тарапынан айтылған ескертулер мен ұсыныстар қабылданды.