Комиссия отырысында күн тәртібіне сәйкес егін, жылқы шаруашылықтары, өсімдік атаулары және шахмат ойынына қатысты терминдер қарастырылды.
Бекітуге ұсынылған терминдерге ғылыми-лингвистикалық сараптама жасалып, алдын ала талдау үшін termincom.kz сайтындағы «Алаң» платформасына орналастырылды.
Отырыс барысында фрезерование – терең қопсыту, щиток – дәнжарнақ, полевой стан – дала қосы, коновал – жылқы дәрігері, лассо – шалма, ярмо - мойынтұрық, амарант – тәжігүл, астра – ақкекіре, голубика – көкжидек, гусятница – қазоты, жасмин – ақжұпар, кресс-салат – шытырмақ, маргаритка – әсел сияқты 1000-нан аса термин бекітілді.
Комиссия бекіткен терминдер termincom.kz сайтына орналастырылады.