МЕМЛЕКЕТТІК ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік терминология комиссиясының отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес Ауыл шаруашылығы, Әділет, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Ұлттық экономика, Экология, геология және табиғи ресурстар, Энергетика министрліктері, Ұлттық банк және Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекітуге ұсынған салалық терминдер қаралды.

Терминдерге ғылыми-лингвистикалық сараптама жасалып, алдын ала талқылау мақсатында termincom.kz сайтындағы «Алаң» платформасына орналастырылды.

Комиссия отырысы барысында региональная символика – өңірлік нышан,  брызгоунос – бүркіндену, сердцевинные лучи –  өзектік  сәулелер, аквакультура – акваөсіру, низовье реки – өзеннің сағасы, каналы радиосвязи – радиобайланыс  арналары, халық толқуы – народные  волнения, кодированная связь –  кодталған  байланыс, логирование работы – жұмысты логиндеу, обязательный компонент – міндетті құрамбөлік сияқты терминдер легі бекітілді.

Комиссия бекіткен терминдер termincom.kz сайтына орналастырылады.