
2022 жылдың 9-10 қарашасында «Қазақ тілін оқытудағы белсенді әдістер мен технологиялардың практикумы» республикалық онлайн семинары ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: қазақ тілін шет тілі ретінде (шетел азаматтарына) оқытудағы жаңашыл, тиімді әдістерді үйрету.
Шара бағдарламасын сәйкес:
- Этвош Лоран университетінің қазақ тілі оқытушысы (Будапешт, Мажарстан) Айдана Мұратқызы;
- Хаджетепе университетінің қазақ тілі оқытушысы (Түркия, Анкара) Салтанат Ұзақбайқызы;
- М.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ Жоғарғы гуманитарлық мектебі жалпы білім беру пәндер департаментінің профессоры Дүсіпбаева Қарлығаш Советқанқызы;
- КИМЭП университетінің лекторы, педагогика ғылымдарының кандидаты Ләйла Ерменбаева қазақ тілін шет тілі ретінде (шетел азаматтарына) оқытудағы үздік тәжірибелерімен, отандастарымызға қазақ тілін үйретудің тиімді тәсілдерімен бөлісті. Сондай-ақ қатысушылармен практикалық жұмыс жүргізді.
Семинар жұмысына Мемлекеттік тіл орталықтарының, шетелдік офлайн/онлайн қазақ тілі курстарының оқытушылары, ересектерге қазақ тілін үйретіп жүрген жеке мамандар, ЖОО, колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері қатысып, біліктіліктерін көтеру мүмкіндігін алды.
Солайша бұл шара әдістемелік тәжірибе алмасудың үлкен алаңына айналалды деуге болады.
Шараны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы өткізді.