
Бүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Әдістемелік қамтамасыз ету және лингвистикалық жұмыстар басқармасының басшысы Айнагүл Көкен «Қазақ радиосының» «Қандастар» бағдарламасының жүргізушісі Нұрымжан Қасымұлының шетелдегі қазақтарға қазақ тілін оқыту мәселелері төңірегіндегі және тыңдармандардың мемлекеттік тілді дамыту мәселелеріне қатысты сұрақтарына тікелей эфирде жауап берді.
Бұл бағытта Тіл саясаты комитеті 2020 жылы «Абай институты» ашық білім беру-танымдық жобасын жүзеге асырып, «Abai.institute» порталын іске қосқан болатын.
Порталда әрбір тіл үйренуші өзінің жеке кабинетін ашып, қазақ тілін орыс, ағылшын, түрік, неміс, француз, парсы тілдері арқылы меңгере алады.
Порталдың мобильді нұсқасы Android, iOS платформалары арқылы қолжетімді.
Бүгінде жоба аясында АҚШ, Түркия, Ресей, Франция, Испания, Германия, Британия, Бельгия, Иран, Моңғолия, Өзбекстан, Мажарстан мемлекеттерінде қазақ тілі кабинеттері ашылып, оқыту офлайн және онлайн форматтарда жүргізілуде.
Аталған мемлекеттердегі қазақ тілі оқытушыларына тұрақты әдістемелік көмек те көрсетіледі.