МЕМЛЕКЕТТІК ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытуда терминологиялық жұмыстың орны ерекше. Сол себептен 2022 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ілиясұлы Ешенқұловтың төрағалығымен Мемлекеттік терминология комиссиясының отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес фармацевтика, экология және геология салалары бойынша 1100-ден астам  термин қаралды.

Министрдің бұйрығымен министрлік жанынан қайта құрылған Мемлекеттік терминология комиссиясы терминдер дәлдігін, жарыспалылығына жол бермеуді басшылыққа алды.

Фармацевтика саласы бойынша ұсынылған глазные пленки-көз үлбірі, горечи-ащыдәрмек, иммунодефицит-иммунтапшылық, мозольный пластырь-мүйізгек пластырь терминдері аударылды.

Комиссия бекіткен терминдер termincom.kz сайтына орналастырылады.