ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ ҰЛАҒАТТЫ ӨМІРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ ҰЛАҒАТТЫ ӨМІРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатқан Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында республиканың әр өңірінде түрлі форматтағы шаралар өткізілуде.
Мемлекеттік органдар да Ұлы ұстаздың ұлағатты өмірі мен шығармашылығын насихаттауға бағытталған шаралар өткізуде. Солардың бірі Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі өткізген Ахмет Байтұрсынұлы – рухани көсем» атты мәдени шара болса, екіншісі Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ұйымдастырған кездесу. Осындай шара Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде де өтті.
Бұл шараларға Тіл саясаты комитетіне қарасты Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, ф.ғ.к. Ербол Ердембекұлы, орталықтың жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., доцент Гүлназ Төкенқызы қатысып, Ұлы ұстаздың қазақ тіл білімін дамытуға қосқан зор үлесі, қоғам қайраткері ретіндегі қызметі жайлы мол ақпарат берді.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы көп жылдан бері мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосып жүрген қызметкерлеріне Алғыс хат табыстаса, Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Ұлт ұстазының өлеңдерін, аудармаларын жатқа оқып, рухани байып қалды.
Осындай игі шаралар жыл бойы жалғасып, Ахаң есімі ұлықтала бермек.