
Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына және түркі философы Əбу Насыр əл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтойлық почта маркаларын шығару туралы бастама көтерді.
Елшілік шығарылған пошта маркаларын күнделікті іскерлік хат алмасуда қолданады және естелік маркаларды ел ішінде тарату жөнінде келіссөздер жүргізуде.

Швейцария бірнеше рет халықаралық филателиялық көрмелерге қатысқан. Бұл мемлекеттің поштасы мен пошта маркалары – елдің басты брендтерінің бірі. SwissPost маркалары коллекционер мен туристер арасында өте танымал. Ал бұл компанияның почталық қызмет бойынша айналымы жылына 2 млрд хатқа дейін жетеді.
Швейцарияда заманауи цифрлық технологиялар мен электрондық қызметтердің жоғары дамуына қарамастан, пошта ең танымал байланыс ресурстарының бірі. Бұл тек елдің азаматтары мен тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар компаниялар, халықаралық ұйымдар, федералды, кантондық және муниципалды органдарға да қатысты.