
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалында азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінде берген халықпен «кері байланыс» құралдарының тиімділігін арттыру шеңберінде, сондай-ақ Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойған «еститін мемлекетті» қалыптастыру бойынша міндеттері аясында өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы 6 тұрғынды қабылдап, жергілікті тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдады.

Қарасай ауданы, Шамалған ауылының тұрғыны Серік Мақұлбекұлы Қалиев Алматы облысында археологиялық мұражай ашу мәселесін көтерді. «Қазіргі уақытта Алматы облысының аумағында 26 мұражай жұмыс істейді. Бізде археологиялық мұражай жоқ, бірде-бір ғылыми зертхана жоқ. Жетісу-тарихқа бай Алтын адам табылған сақ қорғандарының өлкесі. Бүгінгі таңда мәдениет пен туризм дамыған, рухани жаңғыру дәуірінде Талдықорған қаласындағы облыстық орталық республикалық бюджеттен тарихи-археологиялық мұражай, мамандандырылған ғылыми-өндірістік зертхана және қалпына келтіру шеберханасы бар»,- деп түсіндірді.

Сонымен қатар, министрдің қабылдауында Талдықорған қаласының тұрғыны Ғалия Әмірқамзақызы да болды. «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», «Халық әртісі» сынды бұрынғы атақтарын қайта бекіту мәселесін қарастыру туралы сөз қозғады. Бүгінгі таңда ғылым, мәдениет, өндіріс және әлеуметтік сала өкілдеріне тек «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы беріледі.
Әрбір қаралған өтініш бойынша Ақтоты Райымқұлова әкімдіктердің, сондай-ақ министрліктер мен ведомстволардың басшыларына нақты тапсырмалар беріп, өтініш жасаған азаматтарды көтерілген мәселелерді шешу, оның жеке бақылауына алынатынын жеткізді.