ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ БАС ҚОСТЫ

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ БАС ҚОСТЫ
Халықаралық Тараз инновациялық институтында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы президенті Берік Әбдіғалиұлымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық, аудандық, қалалық филиалдарының төрағалары мен бастауыш ұйымдарының өкілдері мен тіл жанашырлары, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым өкілдері қатысты.
Басқосуда мемлекеттік тіл саясатын ілгерлету, қоғамның барлық саласында қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілде қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Шараға шамамен 200 адам қатысты.