ІТ ЖОБАЛАРДЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

ІТ ЖОБАЛАРДЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Бүгін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қызметкерлері қазақ тілін оқыту бойынша IT жобалармен танысты. Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен «Тіл-Қазына» республикалық орталығы ұйымдастырған шараға 50-ге жуық адам қатысты.

Бүгінде қазақ тілін өздігімен үйренушілерге арналған «Tilmedia.kz», «Balatili.kz», «Tilqural.kz», «Abai.institute» сайттары, тілдік сауаттылықты арттыруға бағытталған «Тermincom.kz», «Emle.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» сайттары, барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» және ономастикалық «Atau.kz» базасы көпшіліктің сұранысына ие болып отыр.

Осы орайда бұл электрондық қосымшаларды орталық атқарушы органдарға таныстырудың арнайы кестесі әзірленді.

Қолданыстағы бұл өнімдердің барлығы мемлекеттік органдардың интранет порталына (ИПГО), Қазақстан Республикасы бойынша бірыңғай білім беру порталы «kundelik.kz»-ке, орталық атқарушы органдардың (барлығы 700-ден аса) gov.kz ресми парақшаларына, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен ҚР Жоғарғы сотының, жоғары оқу орындарының, ҚР Ұлттық кітапханасы мен Әл-Фараби атындағы кітапхананың сайттарына және т.б. мекемелердің сайттарына орналастырылды.