"ТІЛ ШЕБЕРІ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

"ТІЛ ШЕБЕРІ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 2021 жылғы 9 қарашада үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» республикалық байқауы өтті.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы мен мәртебесін кеңейту, үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді қолдау, тіл мәдениетін көтеру мақсатында өткізілген байқауға орталық атқарушы органдардан мемлекеттік қызметшілер қатысып, өзара сайысқа түсті.
Қазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметіндегі Бас прокурордың аға көмекшісі Айтмаганбетов Дархан Дүйсенбекұлы Бас жүлде иегері атанды.
І орынды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінен басқарма басшысы Ермұхан Асқар;
ІІ орынды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Экономика, қаржы және сауда саласындағы жобаларды сараптау басқармасының бас сарапшысы Әділханов Алмаз Әділханұлы;
ІІ орынды Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс басқармасының бас сарапшысы Уәли Еламан Сайлаубайұлы;
ІІІ орынды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Заң қызметі департаменті Құқықтық қамсыздандыру және наразылық-талап жұмыстар басқармасының сарапшысы Өмірзақова Диана Ахметқызы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкері Садықов Құмар Ерсайынұлы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Идеологиялық және имидждік жұмыс департаментінің бас сарапшысы Игіман Қуаныш Жомартұлы қанжығаларына байлады.
Қалған қатысушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының алғысхатымен марапатталды.