
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен «Абай институты» бағдарламасы аясында Қазақстан, АҚШ, Түркия, Ресей, Франция, Германия, Британия, Бельгия, Иран, Моңғолия, Өзбекстан, Мажарстан мемлекеттерінде тұратын қазақ диаспорасы өкілдеріне қазақ тілін үйретіп жүрген оқытушыларға әдістемелік көмек ретінде «Қазақ тілін үйрету: отандық және шетелдік тәжірибе» курсы ұйымдастырылды.
«Отандастар» қорымен бірлесе өткізілген онлайн режимдегі шараның ұзақтығы бір аптаны құрады.
Курстың басты мақсаты шетелдердегі қазақ мәдени орталықтарына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету және Қазақстан аумағынан тыс жерде тұрып, қазақ тілін үйреніп және үйретіп жүрген қандастарымызға қолдау көрсету.
Курсты қазақ тілін үйретіп жүрген үздік отандық оқытушылар мен әдіскерлер өздерінің жылдар бойы қалыптасқан тәжірибелері негізінде деңгейлер бойынша (А1, А2, В1, В2, С1) жүргізді.
«Тіл-Қазына» орталығының Әдістеме басқармасының басшысы Айгүл Орманова «шараға қатысушыларға сандық технологияның көмегімен қазақ тілін ана тілі және екінші шет тілі ретінде оңтайлы үйрету, оқытудағы әдіс-тәсілдерді, әдістемелерді, технологияларды қазіргі кезең талаптарына байланысты қолдану жолдары көрсетілді. Қатысушылар тілді қашықтан тиімді оқытудың әдіс-тәсілдерімен танысып, өзара тәжірибе алмасты. Сондай-ақ оқытушылар қазақ тілін үйретуге арналған үздік оқу-әдістемелік құралдармен танысты» - деді.
Курсқа 250-ге жуық тыңдаушы қатысып, сертификатқа ие болды.