
2021 жылдың 11 қазанында барлық деңгейдегі білім беру мекемелерінде қазақ тілін оқыту бойынша IT жобалардың таныстырылымы басталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша әзірленген бұл электрондық қосымшаларды таныстырудың арнайы кестесі бекітілді.
2 қарашаға дейін өткізілетін іс-шараның алғашқы үш күнінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім беру мекемелерінен 2516 адам қатысты.