ТӨРТ ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН СОФЬЯ

ТӨРТ ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН СОФЬЯ

Олимпиадада журналистер сауа­лы­на қазақ тілінде жауап берген Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісіне қазақ тілінен бөлек, орыс, ағыл­шын және түрік тілінде еркін сөйлей алатынын айтты.
"Әр нәрсені үйрену үшін ниет пен ынта керек. Көршілеріміздің көбі – қазақ отбасылары. Кішкентай кезімнен көршілеріміздің сөйлегеніне қатты қызығатынмын. Ата-анама қазақша сөйлегім келеді дейтінмін. Сосын олар мені балабақшаға қазақ тобына берді. Көп уақыт өтпей-ақ топтағы балалармен, көршілермен қазақ тілінде еркін сөйлей бастадым. Мектепті, университетті орыс тілінде оқығаныммен бүгінде қазақ тілінде еркін сөйлей аламын. Ағылшын тілін жақсы меңгердім. Түрік тілін де кейіннен үйреніп алдым" - деп, бірнеше тіл үйренуінің сырымен бөлісті Софья.
Жуырда Олимпиада жүлдегері Президенттің Жар­лы­ғымен «Құрмет» орденімен мара­пат­талғанын атап өткен жөн.