
Ү.ж. 21-25 маусымы аралығында Орал қаласында «Ілеспе аударма: теориялық негіздері мен практикасы» тақырыбында шеберлік сағаты өтуде. Шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында ілеспе аударма жасайтын мамандар дайындау және олардың біліктілігін арттыру, аудармашылардың тұлға ретінде өсуіне бағдар беру.
Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараны филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Рухани даму» ҚҚ төрайымы, ілеспе аудармашы Қамал Әлпейісова жүргізуде.
Қамал Әбілқасымқызы тыңдаушыларға жазбаша аударма мен ізбе-із аударма жасау дағдыларын үйретіп, ілеспе аудармашыға қажетті физиологиялық және психологиялық дайындық негіздерімен таныстыруда.