
Бүгінгі күні көрнекі ақпарат пен жарнама тілін ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының 21-ші бабының талаптарына сәйкестендіру жұмыстарын тек өңірлік тіл басқармалары, бөлімдері мен орталықтары ғана емес, белсенді азаматтарымыз да білек сыбана атқаруда.
Өз бастамаларымен және жергілікті тіл басқармасымен тығыз байланыста жұмыс жүргізе отырып бірқатар жетістіктерге жеткен фейсбукте белсенді қарағандылық тіл жанашырларымен таныс болыңыздар:
Гүлстан Жарылғап, Жаңабек Нар, Эльмира Сайлауқызы, Серік Әлиұлы, Ботабек Тілегенов.
Тіл жанашырлары жүргізген жұмыстардың нәтижесін фотосуреттерден тамашалай аласыздар.