
Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің қолдауымен 5-8 сынып оқушылары арасында «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының бірінші кезеңін жүзеге асыруда.
Бүгінгі күні акцияға қатысушылардың саны 250-ге жетті.
Қатысушылардың басым көпшілігі Жамбыл, Түркістан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарынан.
М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, М.Айтқожина, Қ.Аманжолов, Т.Молдағалиев, Қ.Мырза Әлі ақындардың туған ел, туған тіл туралы жырларын мәнерлеп жатқа оқыған талапкерлеріміздің өнерлері 10-шы маусымда қорытындыланады.
Үміткерлерімізге сәттілік тілеп қояйық!
Қатысушыларымыздың конкурстық материалдарын #менқазақшасөйлеймін2021 хештегі арқылы тамашалап, өз бағаларыңызды бере аласыздар.