
Бүгінгі күні көрнекі ақпарат пен жарнама объектілерінің мәтіндерін ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының 21-ші бабының талаптарына сәйкестендіру бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде.
Осы жұмыстың аясында еліміздің әрбір өңірінде тегін консультациялық қызмет көрсететін жедел желі қызметтері іске қосылды.
Жедел желі арқылы көрсетілетін қызмет түрлері:
1) көрнекі ақпараттар мен жарнама мәтіндерін алдын ала тексеріп, заң талаптарына сәйкестендіру;
2) ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының 21-ші бабының сақталуына қатысты әдістемелік көмек көрсету;
3) көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін тегін аудару.
Сондай-ақ еліміздің әрбір тұрғыны заң талаптарына сәйкес келмейтін көрнекіліктер бойынша ақпаратты (фотосурет, нысан орналасқан мекенжай) төмендегі WhatsApp нөмірлеріне жолдап (нысан орналасқан аймақты таңдау), қала көшелерін сауатсыз жарнамадан арылтуға үлестерін қоса алады.