
Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығы мен аудандық бөлімше оқытушылары арасында А.Байтұрсынұлы атындағы байқау өткізді.
Үміткерлер қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалым-әдіскер, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының дидактикалық ұстанымдары мен шет тілдерін оқытудың үздік әдіснамалық идеяларын басшылыққа ала отырып ересектерге қазақ тілін үйретудің авторлық әдістемелерін қорғаудан жарысты.
Байқаудың бас жүлдесін Тілдерді оқыту орталығының Тараз қаласындағы оқытушысы Тұрлығұл Индира, І орынды Бохшиева Айгүл, ІІ орынды Қордай аудандық Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Ерғали Ақниетті, ІІІ орынды Жуалы аудандық бөлімшенің оқытушысы Тұрғанбек Зарина иеленді.
Байқау жеңімпазы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетінің тарапынан ұйымдастырылатын республикалық байқауға жолдама алды.