
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «JJJ» жедел желісін іске қосты.
Жедел желі арқылы жарнама агенттіктерімен, туристік агенттіктермен, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен, Қазпошта, Қазақтелеком, нотариус және банктермен тығыз байланыс орнату көзделген.
Көрсетілген нысан иелеріне көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін алдын ала тексертіп, әдістемелік көмек пен тегін аударма қызметін алу қолжетімді.
Жобамен Қарағанды қаласындағы банктердің бөлімшелері танысып үлгерді.
«JJJ» ЖЕДЕЛ ЖАРНАМА ЖЕЛІСІ: + 7 (700)130-90-50.