
Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен ағылшын тілі оқытушыларына «Шет тілін үйретуде заманауи технологияларды пайдалану» атты облыстық онлайн-семинар өтті.
Семинардың мақсаты: тіл үйренуде ашық білім беруге жағдай жасау, инновациялық білім беру технологияларын қолдануды кеңейту, оқытудағы шеберлікті жетілдіру.
Аталған шарада:
- «Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Сейданова Дина Абдужалеловна «Инновационные технологии и интерактивные методы обучения для формирования функциональной грамотности обучающихся»;
- М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әлем тілдері кафедрасының аға оқытушысы Джакипова Айзат Расильевна «Шет тілін үйренуде «Flipgrid» платформасының қажеттілігі»;
- Халықаралық Тараз инновациялық институтының экономика және бизнес кафедрасының оқытушысы Каир Бекболат Азатұлы «Ағылшын тілін оқытудың инновациялық әдістері»;
- облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының оқытушылары Мырзабалиева Мәншүк Нұрғалиқызы «Thinglink», «Padlet», «Socrative» бағдарламаларының ерекшеліктері» және Ясар-Оглы Ислам Пашалыұлы «Ағылшын тілін қарапайым деңгейде үйренуге арналған «EasyEnglish» онлайн сабағы» тақырыптарында баяндама жасап, іс тәжірибелерін ортаға салды.
Онлайн-семинарға ЖОО-лар мен орталық, мектеп оқытушылары қатысты.