«СөйлеТіme» клубы ашылды

«СөйлеТіme» клубы ашылды

Қазіргі уақытта қазақ тілін үйренуге барынша мүмкіндіктер жасалған.
Жуырда Қостанай облысының Қарабалық ауданында «СөйлеTime» клубы ашылды.
Клубтағы кездесулер ауызша сөйлесу, әңгімелесу, белгілі бір тақырыптарға ой жүгірту форматында өтетін болады. Бұл жерде грамматика оқытылмайды, баға қойылмайды!
Әр кездесуде Қостанай облысының танымал медиа тұлғаларымен, қазақ тілін меңгерген этнос өкілдерімен танысу мүмкіндігі бар. Олар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен қазақ тілінде бөлісетін болады.
Қостанай облысының тұрғындары! Қазақ тілін үйренгіңіз келсе, игі бастамаңызда ниеттес тұлғалардың қолдауын сезінгіңіз келсе «СөйлеТАЙМ»-ның тұрақты қонағы болыңыз.
Байланыс құралдары: 54-24-54, WhatsApp +7(707)7671522.
Онлайн-тіркелу: tilokytukostanai@mail.kz.