
Жамбыл облысының тілдерді дамыту басқармасы Тараз қаласында «Таза қалаға – таза жарнама» акциясын жүзеге асыруда.
Акция барысында қаланың орталық көшелері мен даңғылдарындағы көпшілік орындар, соның ішінде сауда үйлері, шағын дүкендер, дәріханалар, тамақтану орындары және т.б. нысандар тарапынан Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңның 21-бабының сақталуы зерделенді.
Көрнекі ақпараттары мен жарнамаларының мәтіндері көрсетілген заңның талаптарына сәйкес келмеген нысандардың иелері мен қызметкерлеріне тиісті әдістемелік көмек көрсетіліп, орын алған кемшіліктерді жоюға уақыт берілуде.
Акция жалғасуда.
P.s. Жамбыл облысында тіл саясатын жүзеге асыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныс болу үшін https://www.facebook.com/zh.tilderdidamytu сілтемесіне өтіңіз.