«Тіл шебері» байқауы өтті

«Тіл шебері» байқауы өтті

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» облыстық онлайн байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: жас мамандарға қолдау көрсете отырып тіл мәдениетін көтеру, жастардың тілді меңгеруге қызығушылығын арттыру және бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Биыл байқауға 21-35 жас аралығындағы 12 үміткер қатысып, бақтарын сынады.
Үміткерлердің тіл білу деңгейін жоғары бағалаған қазылар алқасының шешімімен 3-орынды Бейсенбек Гүлдана, 2-орынды Ехсанова Жұлдыз және 1-орынды Мөлдір Жұмабекқызы иеленді.
Қазылар алқасының төрағасы Айнагүл Бейсембина «Байқаудың барлық қатысушылары өте мықты. Бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін адам өз елінде де, шетелде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады» - деп пікірімен бөлісті.
Облыстық байқаудың жүлдегерлері дипломдармен, алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.