
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің бастамасымен, Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының әдістемелік қолдауымен шетелдік университеттер студенттері мен оқытушыларына халықаралық тілдік курстары жобасының жабылу өтті.
Аталмыш шара Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын өңірде іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылды.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студент-волонтерлері мен шетелдік университеттер студенттері мен оқытушыларының арасында қазақ, түрік, орыс, ағылшын, қытай тілдерін үйренуге қатысты байланыс орнатылды.
Тіл үйрету курстарын ұйымдастырып, оның ішінде қазақ тілін этносаралық қатынас тілі деңгейіне көтеруге үлес қосқандары үшін студент-волонтерлер Меруерт Қуанышбекқызына, Алтын Әділбекқызына және Сұңқар Нұрдәулетқызына Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алғысхаттары табысталды.