Ақмола облысында "Тіл - ұлттың тұғыры" ән байқауы өтеді

Ақмола облысында "Тіл - ұлттың тұғыры" ән байқауы өтеді

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақмола облысы тұрғындарының арасында мемлекеттік тіл туралы ән жазу онлайн байқауын жариялайды.
Байқаудың мақсаты – қоғамдық өмірдегі мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, сұранысты арттыру.
Байқаудың шарттары:
1. Қазақ, орыс және басқа да тілдерде жазылған әннің тақырыбы мемлекеттік тіл жайында болуы шарт.
2. Ән бұрын еш жерде жарияланбаған немесе орындалмаған болуы тиіс.
3. Әннің лазерлік дискіге жазылған нұсқасы Ішкі саясат басқармасына тапсырылуы тиіс.
4. Онлайн конкурсқа кәсіпқой және әуесқой авторлар қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін ұсынылуы тиіс:
1. Автор туралы толық мәлімет.
2. Әннің орындалған нұсқасы Фейсбуктегі «Tilderdi Damyty Aqmola» аккаунты мен автордың жеке аккаунттарында жариялануы керек.
3. Байқау материалдары 2021 жылдың 25 мамыр-25 тамыз айлары аралығында қабылданады.
Комиссия шешіміне сәйкес жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, дипломдар тапсырылады.
Онлайн байқаудың бас жеңімпазы Тілдер күніне арналған Форумға қатысады.
Байқауға қатысуға тілек білдірушілер келесі мекенжайға хабарласуына болады: Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1,Б үй, 353 кабинет. Телефон 40-14-20.