Тағылымды кездесу өтті

Тағылымды кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде «Ахмет Байтұрсынұлы: тұлға, тағылым, мұра» тақырыбындағы тағылымды кездесу өтті.

Жиынға аталған Министрліктің аппарат басшысы, департамент, басқарма басшылары менқызметкерлері қатысты.

Кездесуді Министрліктің аппарат басшысы Асқар Сақтағанұлы Биахметов ашып, кіріспе сөзінде мемлекеттік тілдің салада қолданылу аясын кеңейтудің маңызына тоқталды.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Ердембекұлы Тілешов Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен мұрасыжайлы, ағартушылық бағыттағы қайраткерлігі жәнеқазақ тіл білімінің негізін қалыптастырудағы еңбектері туралы баяндады. Ғалымның жазған кітаптары мен мақалалары және ғылыми тұжырымдарының қорытындылары бүгінгі оқыту үдерісінде, ғылыми бағытта кеңінен қолданылып жүргендігі айтылды

Іс-шара қорытындысында қатысушылар QR-код арқылы алған ақпараттары бойынша танымдық викториналық сұрақтарға жауап берді.

Жиын барысында Министрлік қызметкерлері арасында өткен эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды.