Қазақ тілі – ғылым, мәдениет және қарым-қатынас тілі

Қазақ тілі – ғылым, мәдениет және қарым-қатынас тілі

2025 жылғы 11 қыркүйекте Атырау қаласында «Қазақ тілі – ғылым, мәдениет және қарым-қатынас тілі» атты аймақтық семинар өтті.
Аталған іс-шара Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.

Семинардың мақсаты – қазақ тілінің ғылым мен технология, білім мен мәдениет салаларындағы қолданыс аясын кеңейту, оны жаңаша мазмұнда дамытып, тіл үйретудің заманауи, инновациялық әдістері бойынша тәжірибе алмасу.

Семинарға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов, «Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ Бас директоры Мақпал Жұмабай арнайы қатысып, қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі әлеуеті, цифрлық экономика дәуіріндегі оның мүмкіндіктері мен бағыт-бағдары жөнінде баяндама жасады.

Семинардың негізгі бөлігінде мемлекеттік тіл саясатын ілгерілету, оның тиімді жүзеге асырылу жолдары, сонымен қатар ғылыми коммуникация мен білім беру саласындағы тіл қолданысының өзекті мәселелері кеңінен талқыланды.