
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен көрнекті қоғам қайраткері, әдебиеттанушы, академик Рымғали Нұрғалидың туғанына 85 жыл толуына арналған «Қазіргі әдебиеттану: теориялық мәселелер және жаңа парадигмалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция жұмысына қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ғалым шәкірттері қатысты. Отандық тіл және әдебиет саласының белгілі мамандарымен қатар Ресей, Татарстан, Түркия, Польша, Өзбекстан елдерінің жетекші ғалымдары қатысып, баяндама жасалды.
Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Е. Тілешов конференция қатысушыларына ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің құттықтау сөзін жеткізді.
Іс-шара барысында академиктің ғылыми еңбектерінің қазіргі филология саласы мен гуманитарлық білім беру жүйесіндегі маңызы талданып, рухани және мәдени құндылықтар хақындағы ой-толғамдарының өзектілі сараланды.
Сондай-ақ Рымғали Нұрғали ғылыми мектебі өкілдерінің қазіргі әдебиеттанудың жаңа парадигмаларын зерделеудегі ізденістері талқыланды.