Меню

Страницы

Статья

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ПОШТА МАРКАСЫ ШЫҚТЫ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлт ұстазы, тіл білімі ғылымының атасы, реформатор, түркі жұртына ортақ ұлы тұлға Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркасы әзірленді. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пошта маркасы қай елді де болмасын әлемге танытуда сол елдің «визитті карточкасы» саналатыны белгілі. Дизайны «Қазпошта» АҚ-мен келісілген марка енді ұлы тұлғаны тек әлем жұртшылығына танытып ғана қоймайды, сонымен қатар А. Байтұрсынұлы бейнесі сан ғасырлар бойы ұрпақтар жадында сақталатын болады.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпаратына сәйкес аталған министрліктің  2022 жылғы 31 мамырдағы «Қазақстан Республикасы пошта төлемінің мемлекеттік белгілерінің түрлері мен көлемдерін бекіту және пошта айналымына енгізу туралы» бұйрығымен 2022 жылғы 3 маусымнан пошта маркасы 2 000 000 (2 миллион) дана мөлшерінде басып шығарылып, айналымға енгізілді. «Арнайы мөрқалыбты марка конверттері әлем филателистері коллекцияларынан орын алары сөзсіз»,-делінген жазбада.

https://www.inform.kz/kz/ahmet-baytursynulynyn-mereytoyyna-arnalgan-poshta-markasy-shykty_a3949479

https://kazgazeta.kz/news/126950

https://ainews.kz/kk/politics/ahmet-bajtursynulynyn-merejtojyna-arnalgan-poshta-markasy-shyqty--3883527

https://egemen.kz/article/316743-akhmet-baytursynulynynh-mereytoyyna-arnalghan-poshta-markasy-shyqty

Дата публикации
29 июля 2022
Дата обновления
29 июля 2022
Тип
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы