Меню

Страницы

Статья

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КЕҢ КӨЛЕМДІ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ботакөз БАҚБЕРГЕН

Кездесуде түркітілдес мемлекеттер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселесі талқыланды.

Ерлан Қарин Қазақстанда руханият саласында атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты.

Сондай-ақ, ол биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойлары аясында жүзеге асқан іс-шараларға да тоқталды.

Мемлекеттік кеңесші айтулы тұлғалардың атаулы даталарын ТҮРКСОЙ шеңберінде өткізу қажет екенін атап өтті.

Өз кезегінде Сұлтан Раев Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхтар Әуезовтің мерейтойларын халықаралық ұйым аясында атап өтуге қатысты жоспар құрылғанын, сол бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар тек түркі әлемі шеңберіндегі ғана емес, халықаралық деңгейдегі ғалымдар мен зерттеушілерге жыл сайын берілетін Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхтар Әуезов атындағы төсбелгі шығарылғанын айтты.

Кездесу соңында тараптар жыл соңында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған кең көлемді іс-шара ұйымдастыратын болып уағдаласты.

https://egemen.kz/article/316644-akhmet-baytursynulynynh-150-dgyldyghyna-oray-kenh-kolemdi-is-shara-uyymdastyryla

Дата публикации
28 июня 2022
Дата обновления
28 июня 2022
Тип
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы