Меню

Страницы

Статья

ҚОСТАНАЙ ӘУЕЖАЙЫНА АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді.

Бұл туралы Үкімет қаулысы жарияланды.

Бұған дейін әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру үшін қоғамдық талқылау болған.

Қостанай облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов аталған бастаманы ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында әуежай ұжымы көтергенін айтты.

Биылғы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы аясында республикалық және облыстық жоспарлар бар. Бүгінде көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Соның бір маңыздысы — Қостанай қаласындағы халықаралық әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы шешім. Бұл бастаманы көтерген — әуежайдың ұжымы. Одан бөлек осы ұсынысты қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері түрлі жерлерде айтып жүрді. Сондықтан ол ұжымның талқысына салынып, қолдау тауып, тиісті рәсімдерден өткізілді. Енді әділет органдарына құжат ресми тіркелгеннен кейін халықаралық әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілетін болады, - деді басқарма басшысы.

Ерлан Қалмақовтың айтуынша, Қостанай қаласында орналасқан бірнеше мектеп ұжымы оқу ордасына Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру ұсынысын жасаған. Әзірге бұл бастамалар зерделенуде

https://baq.kz/qostanay-auezhayyna-ahmet-baytursynulynyn-esimi-berildi-281870/

https://www.inform.kz/kz/kostanay-auezhayyna-ahmet-baytursynulynyn-esimi-berildi_a3948994

http://www.matritca.kz/news/110393-ostanay-uezhayyna-ahmet-baytrsynlyny-esm-berld.html

https://nege.kz/news/el/kostanai_kalasinin_auezhaiina_ahmet_baitursinulinin_esimi_berildi_20220628123129?utm_source=ainews&utm_medium=referral

https://kaz.zakon.kz/6009217-suiinshi-kostanai-kalasynyn-uezhaiyna-akhmet-baitursynulynyn-esimi-berildi.html

https://tengritravel.kz/my-country/imya-ahmeta-baytursyinulyi-prisvoili-aeroportu-kostanaya-471948/

https://halyq-uni.kz/news/4916-kostanai-uezhaiyna-akhmet-baitursynulynyn-esimi-berildi/

 

Дата публикации
28 июня 2022
Дата обновления
28 июня 2022
Тип
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы